Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 7 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 37-Қ Қаулысы
Мен, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Л. Залыгин, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9, 36, 38, 102, 104 және 107-баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ - 293/2020 бұйрығына сәйкес, «Омикрон» коронавирустық инфекция штаммының нұсқасын Қазақстан Республикасына әкелудің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 51 қаулысымен, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 55 қаулысымен, Қарағанды облысының тұрғындары арасында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 07 қазандағы № 35-Қ «Қарағанды облысында карантиндік шараларды кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) Қаулының 6-тармағы 6.6. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарға COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алуын түсіндіруді;»;
2) Қаулының 6-тармағы 6.6 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасына Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 51 қаулысының қосымшасында көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдар бойынша ақпарат жіберуді қамтамасыз етсін.»;
3) Қаулының 7-тармағы 7.10 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 51 қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күн бойы үйде оқшаулауды (үй карантинін) және медициналық бақылауда болуын бақылауды қамтамасыз етсін.»;
4) Қаулының 17 тармағы 17.39 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«осы қаулыға қосымшада көрсетілген елдерден Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың және COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;»;
5) Қаулының 17 тармағы 17.40 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 51 қаулысының қосымшасында көрсетілген елдерге соңғы 14 күн ішінде барып келген адамдарды 7 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.»;
6) Қаулының 1-қосымшаның II кестесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының қалалық және аудандық әкімдері осы қаулының күшейтілген бақылауда орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулы 2021 жылғы 16 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
| Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Ю.Л. Залыгин |
Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 37-Қ қаулысына
1 қосымша
II. Қызметкерлер мен келушілерде «Жасыл мәртебе» болған жағдайда «Ashyq»
жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің
өлшемшарттары
| № р/н | Объектілер/сала **** | Сары аймақ |
| 1 | 2 | 4 |
| 1. | Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу | ✓ 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
| 2. | Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар | ✓ 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
| 3. | Көрмелер | ✓ толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай |
| 4. | Марафондар (ашық ауада) | ✓ 800 адамнан асырмай |
| 5. | Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар | ✓ толтырылуын 70%-дан асырмай |
| 6. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) | ✓ толтырылуын 30%-дан асырмай |
| 7. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету) | ✓ толтырылуын 30%-дан асырмай |
| 8. | Ойын клубтары (казино) | + |
| 9. | Түнгі клубтар | ✓ 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
| 10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар* | ✓ толтырылуын 70%-дан асырмай |
| 11. | PlayStation клубтарын қоса алғанда компьютерлік клубтар | толтырылуын 70%-дан асырмай |
| 12. | Цирктер | толтырылуын 70%-дан асырмай |
| 13. | Мәдениет объектілері (дайындық) | + |
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.».