Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 Қаулысы
(2022.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2021.21.06. № 60 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған керi репо және репо операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтердің құрамында есепке алынатын салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес меншікті активтер мен клиенттердің активтері құрамында есепке алынатын берілген қарыздар мен дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес инвестициялық қорлар жөніндегі есептің нысаны;