Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;