«Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылы 31 мамырдағы № 419 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 200 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17050 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 90-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі мерзімді есеп нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі түпкілікті есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.