Кентау қаласының қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 5 қазандағы № 267 Қаулысы
(2020.17.07. берілген өзгерістермен)
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2025 жылғы 29 мамырдағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2020.17.07. № 257 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін;