Экологиялық ағын көлемін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 179-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Экологиялық ағын көлемін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Экологиялық ағынның көлемін айқындау әдістемесінің 11-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 23 шілдедегі
№ 179-НҚ бұйрығымен бекітілген
Экологиялық ағын көлемін айқындау
әдістемесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Экологиялық ағын көлемін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республика Су Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және су экожүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экологиялық ағынның көлемін (өзен ағысының сандық және уақыттық сипаттамаларын) айқындауға арналған.