Введите номер документа
Прайс-лист

«Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 31 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениясреда, 31 декабря 2025

Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі;

2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1203 қаулысымен

бекітілген

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами