COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 Қаулысы
(2022.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 244 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.17.08. № 566 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 9) тармақшасына және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 244 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 850 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 244 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2021.15.04. № 244 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.17.08. № 566 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда