Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 125-НҚ бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 53-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 551 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 желтоқсандағы № 4 Н/Қ бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: