Республикалық меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 87 бұйрығы
(2026.19.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.31.10. № 595-НҚ бұйрығымен тақырып жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.31.10. № 595-НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025.31.10. № 595-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған республикалық меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпан № 76 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10688 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);