Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары:
1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;