Осы редакция 2015 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 1 маусымдағы
№ 346 бұйрығына
2-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 тіркелген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Көрсетілетін қызметті берушіде және ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі
іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мынадай рәсімдерден (іс-әрекеттерден) тұрады: