«Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 419 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 244, бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағының төртінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап күшіне енеді
«3. Азаматтық бюджетті жариялау орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми интернет-ресурстарында, оның ішінде міндетті түрде ашық бюджеттердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу, мемлекеттік құпиялар туралы, әкімшілік рәсімдер, қоғамдық кеңестер туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптары сақтала отырып, «Азаматтық бюджет» жеке құрылған қойындыда жүзеге асырылады.»;
5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтық бюджетті қалыптастыру мен жариялауды:
республикалық бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;
республикалық бюджетті атқару сатысында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
жергілікті бюджеттерді жоспарлау сатысында астананың әкімдігі, облыстық әкімдік, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар;