Введите номер документа
Прайс-лист

«Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 4-1/737 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 12 августа 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 24 октября 2015
Дата последнего изменениясреда, 12 августа 2015

«Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 4-1/737 бұйрығы

 

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысаны бекітілсін.»;

астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом