Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-1-бабының 1-тармағы және 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 605 бұйрығымен
бекітілген
Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға
үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді.