Введите номер документа
Прайс-лист

«Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 191 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 7 апреля 2016
Статус
Действующийвведен в действие с 27 апреля 2016
Дата последнего изменениячетверг, 7 апреля 2016

Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 191 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 7 сәуірдегі

№ 191 қаулысымен бекітілген

 

 

Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту

қағидалары

 

1. Осы Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдардың полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1) полиграф - адамға сауалнама жүргізу процесінде аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін, ұсынылатын вербалдық және көру стимулдарына жауап ретінде физиологиялық реакциясының серпінін (тыныс алуы, жүрек-қан тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бетінің мимикасы және басқалары) тіркеуге арналған техникалық құрылғы;

2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;

3) полиграфолог - тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом