Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 320 бұйрығы
(2026.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. «Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.