«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 351/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 526/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс.»;
15-тармақтың 43) тармақшасы алып тасталсын;