«Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 302 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 339 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 134 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 302 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік мекемелердің заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 339 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 302 бұйрығымен бекітілген