ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ
Цементті сынау әдістері
2-бөлім
ЦЕМЕНТТІ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ҚР СТ EN 196-2-2013
EN 196-2:2013 Methods of testing cement -
Part 2: Chemical analysis of cement (IDT)
Осы стандарт EN 196-2:2013 еуропалық стандартты жүзеге асыруымен
бірдей болып табылады және мына мекенжай бойынша В - 1000 Брюссель,
пр. Марникс 17 CEN рұқсат етуімен қабылданған
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Сынақтарға қойылатын жалпы талаптар
4 Ылғалды химиялық әдіспен талдаулар
5 Рентген флуоресценцияның көмегімен химиялық талдау
А қосымшасы (ақпараттық) Флюс үлгілері
В қосымшасы (ақпараттық) Аттестатталған стандартты материалдар көздері
С қосымшасы (ақпараттық) Калибрленген эталондардың және бақылау шариктерінің және дискілерінің үлгілері
Библиография
Д.А қосымшасы (ақпараттық) Ұлттық стандарттардың сілтемелік еуропалық стандарттарға сәйкестігі туралы мәлімет
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт цементті химиялық талдауды анықтау әдістерін белгілейді.
Стандартта бақылау, ал кейбір жағдайлар үшін нәтижесі бақылау әдістеріне сәйкес келетін баламалы әдістер белгіленген. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда бақылау әдістерін қолданады.
Цемент талдауы кезінде тәжірибелік қолдану үшін баламалы әдіс SiO2, Al2O3, Fe2O3, СаО, MgO, SO3, K2О, Na2O, ТіО2, Р2O5, Мn2O3, SrO, Cl және Br анықтау үшін рентгенфлуоресцентті талдау (РФТ) болып табылады.
Белгіленген процедуралар мен стандартты материалдарға сәйкес дұрыс аттестаттау кезінде осы әдістің стандартты әдістермен бірдейлігі қамтамасыз етіледі, бірақ әзірше ол даулы жағдайларда сәйкестік мақсатында бастапқы әдістеме ретінде пайдалану үшін бекітілмеген.
Әдіс тиісті аттестаттау жүргізілген кездегі жағдайда басқа элементтерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін.