Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 597 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 597 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес жөніндегі 2014 - 2020 жылдарға арналған
кешенді жоспар
| р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Іске асыруға жауаптылар | Орындау мерзімдері | Болжамды шығыстар (мың теңге) | *Қаржыландыру көздері |
| 2014 | 2015 | 2016 | Барлығы | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| ТБ-мен және К/АДК ТБ-мен ауыратын науқастарға амбулаториялық және стационарды алмастыратын көмекті өрістету арқылы туберкулезге қарсы қызметті реформалау |
| 1. Туберкулезге қарсы қызметті реформалау |
| 1. | ТҚҰ төсек қорын кезең-кезеңімен оңтайландыруды және қайта бейіндеуді жүргізу | ДСМ бұйрығы, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерінің шешімі | ДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері | 2014 жылғы 3, 4-тоқсан | 1605,6 | 0,0 | 0,0 | 1605,6 | ЖТБЖҚ |
| 2014-2016 жылдар | 42358,0 | 1004 80,8 | 58367, 3 | 201206,1 | ЖБ |