Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 16.07.02 Ж. № 784 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 Қаулысы

(2012.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн:

ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi;

ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже.

ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 101 өкімі.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом