Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 13 маусымдағы № 208 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 337 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ережесінің 15 тармағынын 445) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11017 тіркелді);
2) «Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығына қатысты «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 бұйрығы 1-тармағынын 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18940 болып тіркелді).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: