Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы № 11-1-4/608 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидалары бекітілсін.»;