Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығы
(2025.02.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.15.10. № 11-1-4/608 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2020.29.05. № 11-1-4/178 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2022.17.11. № 11-1-4/611 бұйрығымен (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.15.10. № 11-1-4/608 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;