Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 673 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 шілдедегi № 512 Қаулысымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б.САҒЫНТАЕВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 7 қарашадағы
№ 673 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын
пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Экологиялық кодекс) 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі - Ұлттық баяндама) әзірлеу тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында әзірленеді.
3. Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұйымдастырады.