«Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Әділет министрінің 2026.28.01. № 84 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.28.01. № 84 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Әділет министрінің 2022.30.09. № 819 бұйрығымен (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.15.02. № 121 бұйрығымен (2023 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) ҚР Әділет министрінің 2023.15.02. № 121 бұйрығымен алып тасталды (2023 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және