Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 915 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Атырау қалалық әкімдігінің 2022 жылдың 9 маусымдағы № 1321 «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласы әкiмдігінің
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 915 қаулысына қосымша
Атырау қаласы әкiмдігінің
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 915 қаулысымен бекітілген
«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттiк мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер