«Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 431/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 22 шілдедегі № 434/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19637 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.