«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 738 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары»;
1-тармақта:
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (әрі қарай - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.»;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган органдар осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.»;
жетінші бөлігі мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: