Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығы
(2023.25.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 10 маусымдағы
№ 189 бұйрығымен
бекітілген
Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі
әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық геоботаникалық карталарды жасау кезінде қолданылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.03.03. № 81 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: