«Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 24/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21693 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың үшінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың алтыншы абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
«1. Осы Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 30-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - иелігінде және (немесе) қолдануында Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуы тиіс объектілері бар жеке немесе заңды тұлға;
2) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі типтегі міндеттерді шешу үшін бірге пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
3) бейнеталдау - ағынды бейнені талдау (бейнеталдау) негізінде деректерді автоматты жинау үшін компьютерлік көру әдістерін пайдаланатын бағдарламалық қамтылым немесе технология;