Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығы
(2025.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен тақырбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.08.06. № 81 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын және «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2018.11.09. № 1381 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.08.06. № 81 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2025.30.06. № 355 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)