«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 1 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы | Д. Болатханұлы |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 258 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету»
ең төмен әлеуметтік стандарты