Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 Қаулысы
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284 ҚПҮ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 857 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1404 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Терроризмге қарсы іс-қимыл - мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:
терроризм профилактикасы;
террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;