«Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1387 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16491 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларында, мерзімдері мен нысанында:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;