«Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне, 115-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 530-бабының 7-тармағына, 532-бабының 6-тармағына және 549-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оны жасау бойынша түсіндірмесі бар «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін ұсыну қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініштің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою не растаудан дәлелді бас тарту жолымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту жағдайын растау қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту нысаны;