Введите номер документа
Прайс-лист

«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын, ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 506 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 17 сентября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего изменениясреда, 17 сентября 2025

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын, ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 506 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 53-бабы 3-тармағына және 55-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 506 бұйрығына 1-қосымша

 

нысан

 

 

20___ жылғы «___» _______ бастап 20___ жылғы «____» _______ кезеңге

валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

 

р/с

Тексерілетін салық төлеуші

Шот валютасы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Салық төлеушінің атауы

1

2

3

4

кестенің жалғасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом