Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 893 Жарлығы

Информация о документе
Датапонедельник, 26 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 26 мая 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 26 мая 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 мамыр

 

                     № 893

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2025 жылғы 26 мамырдағы

№ 893 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 1 ақпандағы

№ 56 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және

отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

Балаева

Аида Ғалымқызы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға

Ысқақова

Жұлдызай Амангелдіқызы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы, PhD, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом