Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 198 Қаулысы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің «2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 288-18 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 660-750 жолдарымен толықтырылсын.
2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 198 қаулысына
қосымша
2024 жылға арналған пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтар)ға арналған тізбесі мен субсидиялардың нормалары
| Р/с № | Пестицидтердің түрі | Пестицидтер тобы бойынша белсенді зат | Өлшем бірлігі (литр,килограмм, грамм, дана) | 1 литріне (килограмм, грам, дана) субсидиялар нормасы, теңге |
| 660 | Тамплиер, май дисперсиясы | тифенсульфурон-метил, 90 г/л +флуметсулам, 24 г / л + флорасулам, 18 г / л | литр | 7741 |
| 661 | Сункар 400, коллоидты ерітінді концентраты | пропиконазол, 200 грамм/литр + тебуконазол, 200 грамм/литр | литр | 4018 |
| 662 | Циперфос-Д, эмульсия концентраты | хлорпирифос, 500 грамм/литр+ циперметрин, 50 грамм/литр | литр | 2025 |
| 663 | Анима, микрокапсуляцияланған суспензия | хлорантранилипрол, 100 грамм/литр + ламбда-цигалотрин, 50 грамм/литр | литр | 4450 |
| 664 | Гербастар су дисперсті түйіршіктер | клопиралид, 750 грамм/килограмм | килограмм | 6800 |
| 665 | Энжио Топ 325, суспензия концентраты | тиаметоксам, 150 г/л +лямбда-цигалотрин, 100 г/л + люфенурон, 75 г / л | литр | 20250 |
| 666 | СТРОБИШАНС ПРО,суспензия концентраты | азоксистробин, 200 грамм/литр + ципроконазол, 80 грамм/литр | литр | 6106 |