Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер министрлiгiнің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 744 Бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі И.В. Лепехаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 744 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ғылыми-әдістемелік кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 485 бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамына:
Әкімшілік полиция комитеті Мұсақанов
төрағасының орынбасары Талғат
полиция полковнигі Шаймарданұлы енгізілсін.
көрсетілген комиссия құрамынан Бактыбаев Жанарбек Телюбекұлы, Калашников Николай Иванович шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдикалық кеңесі және оның құрамы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 526 бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдикалық кеңесінің құрамында:
«Жол полициясы комитетінің төрағасы» деген жол алынып тасталсын.