Введите номер документа
Прайс-лист

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 442 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 31 августа 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 31 августа 2021
Дата последнего изменениявторник, 31 августа 2021

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 442 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 195 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы ереже бекітілсін.»

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Н. Иманғалиев) осы бұйрықты «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі республикалық кеңес мүшелерінің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін.».

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым Министрінің

2021 жылғы 31 тамыздағы

№ 442 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын

іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы

Ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі білім беру ұйымы туралы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 49-3) тармақшасы мен 54-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами