«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік-мүлік-туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 7 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» және 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 287 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 7 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы»мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ж.Меңдіғалиевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 шілдедегі
№ 133 қаулысымен бекітілген
«Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер