2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 шешімі
(2017.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.03.03. № 117 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 179 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.14.08. № 195 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.06.09. № 208 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.15.11. № 211 шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.08.12. № 218 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 150 383 011,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша - 36 245 122 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 646 431,9 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 111 491 457,2 мың теңге;
2) шығындар - 150 912 432,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 18 380 494 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 19 578 351 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 197 857 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 520 049 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 520 049 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 19 429 964,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 19 429 964,3 мың теңге.
2. 2017 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін: