Мәслихаттың 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 77 «Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 131 шешімі
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 77 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20124523,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3027453,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша -28528,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 114200,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 16954342,6 мың тенге, оның ішінде субвенциялардың көлемі - 554078,0 мың теңге;
2) шығындар - 20623211,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 38261,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 51688,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 13427,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 469052,6 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 469052,6 тысяч теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1006001,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1006001,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 776845,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13427,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 242583,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2024 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 10253493,2 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2024 жылға арналған қала бюджетінде нысаналы даму трансферттерінің көлемі облыстық бюджеттен 6129139,1 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.