Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 185 бұйрығы
(2020.05.11. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.05.11. № 340 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімі нарықтары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;