«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 370 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:
1-тармағының үшінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаруды дайындаушы кәсіпорындар қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) азаматтық және қызметтік қару немесе оның патрондарының жаңа түрлерін және модельдерін жасаумен байланысты зерттеу;
2) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу процесінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының жаңа түрлерінің немесе модельдерінің тәжірибелік үлгілерін әзірлеу, сондай-ақ қару немесе патрон өндірісіне ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу және сараптау;
3) азаматтық және қызметтік қарудың немесе патрондардың техникалық сипаттамаларын (қасиеттерін) анықтау, қызмет ету және қауіпсіз пайдаланудың шекті мерзімдерін белгілеу үшін сынау;
4) азаматтық және қызметтік қаруды немесе патрондарды дайындау, оның ішінде қаруды жинау және атыс қаруының негізгі бөлшектерін немесе патронның құрама бөлшектерін (гильза, капсюль, дәрі, оқ, бытыра және картеч) жасау, патрондарды құрастыру және жарақтау;