Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2021.11.03. № 76 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.30.06. № 248 бұйрығымен (2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Энергетика министрінің 2022.21.06. № 216 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.23.12. № 483 бұйрығымен (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 318) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2021.11.03. № 76 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16096 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған);