Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 16-Ө бұйрығымен
бекітілген
Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын
талаптар
1. Осы талаптар І, II, III санаттағы нысандарды пайдаланатын, арнайы табиғатты пайдалану құқығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға арналған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 72-бабына сәйкес.
2. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.
3. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.
4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы есептеме және оған қоса тіркелген түсініктеме хат қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға осы Ережелердің 6 және 7-тармақтарында көрсетілген кестеге сәйкес тапсырылады.
5. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі: