Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 13 бұйрығы
(2024.03.12. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрықққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 99-н/қ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Энергетика министрінің 2024.24.09. № 338 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 3 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;